A group of scientists

Эпилепсия



ЭПИЛЕПСИЯ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Эпилепсия әлемдегі ең кең тараған және көне айырып танылатын жағдайлардың бірі1.  Эпилепсия әлемде біркелкі жиілікпен кездеседі және нәсіліне қарамастан халықтың 0,5-1%  осы ауруға шалдыққан2.  Жүз жыл бойы эпилепсия үрей, түсінбеушілік, кемсітушілік және әлеуметтік стигматизациямен қоршаулы болды.  Көптеген елдерде стигматизация оның кейбір формаларында әрі қарай жалғасын табуда және осы ауруға шалдыққан адамдарға және олардың отбасыларының өмір сапасына әсер етуі мүмкін. Әлеуметтік стигматизациядан  құтылу үшін адамдар  қалаулы жұмысын табу немесе көлік жүргізу куәлігін алу, спортпен шұғылдану немесе басқа да қызмет түрлерімен айналысу сияқты эпилепсиясы бар адамдарға қауіпті  әртүрлі мақсаттарды көздей отырып диагноздарын  жиі жасырады3.

Эпилепсия» диагнозы білім алу және таңдаған кәсіби саласында өз орнын табу үшін  кедергі болмауы тиіс. Кез келген адам сияқты эпилепсия ауруына шалдыққан пациент  те өзінің  қабілетін жақсы көрсете алатын қызмет саласын таңдап,  қоғамның бағалы  қызметкері бола алады3.

Эпилепсия диагнозымен де  өмір құнды болады  егер де оны ұстамасы мазаламаса.

Көптеген әйгілі және аңызға айналған эпилепсия диагнозы бар тұлғалар да өздерін жарқыратып  көрсете білген және тарихта  өз іздерін қалдырған4.

Әлемдік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша, дұрыс емделген пациенттердің 70% осы дерттен құтылады екен.  Ауру бетінің қайтуынан кейінгі көңіл-күйі  немесе ұстамасы 12 ай бойы мазаламаса адам өз дертін мүлде ұмытып кете алады. Осындай нәтижеге жету үшін екі маңызды шартты орындау қажет4:
Жақсы емдейтін дәрігерді табу;
Оның ұсыныстарын бұлжытпай орындау, өзін-өзі емдеуді доғару.

Емделудің тиімділігі

Емделудің тиімділігі аурудың түрі мен формасына байланысты. Бірақ көбінесе пациенттің өзіне байланысты. Эпилепсия үкім емес –оны бақылауға болады4
Маңыздысы, дәрігермен бірге таңдалған ем, салауатты өмір салты және құрастырылған күн тәртібі   әдетке айналуы тиіс. Диета сақтаңыз, спортпен шұғылданыңыз және демалуға уақыт таба біліңіз4

Әдебиеттер тізімі:

1. https://www.who.int/ru/news-room/fact-sheets/detail/epilepsy (11.02.2019 ж жағдайы бойынша)
2. http://epileptologhelp.ru/epilepsy/epilepsy-about/ (11.02.2019 ж жағдайы бойынша)
3. http://epileptologhelp.ru/epilepsy/epilepsy-knowledge/epilepsy-knowledge-stigma/ (11.02.2019 ж жағдайы бойынша)
4. https://epilepsyinfo.ru/about/bezpristupov/#refs (11.02.2019 ж жағдайы бойынша)