Mature businessman working at modern office space, working on project. Making a call on mobile phone at his desk / Кәсіпкер өз жұмыс үстелінде жоба дайындап және хабарласып отыр.
Медиа
Баспасөз орталығы

Санофи фармацевтік нарықтың барлық қатысушыларымен серіктестік қарым-қатынас жасайды. Біз сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен өзіміздің кәсіби және достастық қарым-қатынасымызды жоғары бағалаймыз. Корпорацияның журналистермен және жұртшылықпен өзара әрекеттестігінің негізіне айқындық пен адалдық қағидалары қаланған. Біз қазіргі заманғы медицинаның жаңа мүмкіндіктері туралы қалың бұқараға хабарлап отыруды өзіміздің жалпы міндетіміз деп санаймыз.

Санофи компаниясының табысы және көп жылдық тәжірибесі біздің корпорацияның қызметін жұртшылық пен БАҚ-тың назарынан тыс қалдырмайды. Өз тарапынан Cанофи сұхбаттасу үшін әрқашан дайын. Біз үшін ғылыми және кәсіби ұйымдармен, денсаулық сақтау органдарымен және баспасөзбен тығыз байланысты жолға қоюдың маңызы өте зор. Корпорация фармацевтік және медициналық қоғамдастықпен, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарымен ынтымақтастықты бұдан былай да кеңейте түсуді жоспарлап отыр. Біз сіздердің барлық сұрақтарыңызға жауап беріп, Cанофи компаниясының қызметі мен өнімдеріміз туралы барынша толық ақпарат беруге әрқашан да қуаныштымыз.
Өндіруші компаниялардың қоғам алдындағы әлеуметтік жауапкершілігі қағидасы қазір әлемде өте кең таралған, осы қағида Қазақстанда да іс тәжірибеде қолданылуда. Санофи компаниясының таяу болашақтағы басымдықтарының бірі белсенді ағартушылық және білім беру қызметі болып табылады. Бұл үшін біз мамандандырылған бұқаралық ақпарат құралдарына, сондай-ақ оқырмандардың ең бір ауқымды тобына бағдарланған баспасөз мәжілістері мен дөңгелек үстелдер өткіземіз.

Егерде бізбен хабарласқыңыз келсе, мына электрон поштасына жазсаңыз болады:
CentralAsia.Communication@sanofi.com

Пресс-релиз 2018