Энтерожермина Форте

 

Энтерожермина® Форте

Ішуге арналған суспензия 4 миллиард/5 мл
Белсенді зат - әр түрлі химиотерапиялық препараттар мен антибиотиктерге полирезистентті Bacillus clausii споралары - 4 миллиард спора

Қолданылуы

ішек микрофлорасы бұзылулары мен одан кейінгі эндогенді дисвитаминозды емдеу және профилактикасында
антибиотиктермен немесе химиотерапиямен емдеу нәтижесінде өзгерген ішек микрофлорасын қалпына келтіруге арналған қосымша емде
ішек дисбактериозы (дисмикробиозы) және дисвитаминозы туындатқан емшек жасындағылармен қоса, балалардағы жедел немесе созылмалы асқазан-ішек бұзылыстарында

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектерге: күніне 1 құты.
Балаларға өмірінің 4 аптасынан бастап емшек жасындағыларды қоса: күніне 1 құты.

Жағымсыз әсерлері

аса жоғары сезімталдық реакциялары

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- белсенді затқа немесе препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

Дәріханадан босатылу шарттары: Рецептісіз

Өндіруші

Санофи С. п. А., Италия
 
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)
«Санофи-авентис Казахстан» ЖШС
Қазақстан Республикасы, 050013, Алматы, Н. Назарбаев д-лы, 187 «Б»
телефон: +7(727) 244-50-96
Қолданар алдында нұсқаулықпен танысыңыз
ҚР-ДЗ-5№022999 25.05.2017 ж. 25.05.2022 ж. дейін
 

САТЫП АЛУ