Эссенциале Форте Н

 

Эссенциале® форте Н

300 мг капсулар 

Белсенді зат - 300,0 мг cоя бұршақтарынан алынған эссенциальді фосфолипидтер құрамында 76% (3-sn-фосфатидил)-холин  бар

Қолданылуы

- тәбет болмауымен, оң жақ қабырға астынан ауырлықты сезінумен қатар жүретін;  - бауыр стеатозында (бауырдың майлы дистрофиясында);
- бауырдың уытты зақымдануында;
- жедел гепатитте;
- созылмалы гепатитте;
- бауырдың алкогольдік ауруында;
- бауырдың дәрілік зақымдануында;
- теңгерімсіз тамақтануда.

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектер мен 12 жастан асқан (дене салмағы 43 кг-ден асқан) балаларға қолдануға. 

бір реттік доза 2 капсуланы құрайды (600 мг эссенциальді фосфолипидтер). 

Жағымсыз әсерлері

асқазанның ауыруы, нәжістің сәл жұмсаруы, диарея, бөртпе және есекжем түріндегі аллергиялық реакциялар, қышыну.  

Қолдануға болмайтын жағдайлар

Құрамында соя бар препараттарға және/немесе препараттың кез келген компонентіне белгілі аса жоғары сезімталдығы бар науқастар 

Дәріханадан босатылу шарттары: Рецептісіз


Өндіруші

А. Наттерманн және Сие. ГмбХ, Германия 

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)
«Санофи-авентис Казахстан» ЖШС
Қазақстан Республикасы, 050013, Алматы, Н. Назарбаев д-лы, 187 «Б»
телефон: +7(727) 244-50-96
факс: +7 (727) 258-25-96
e-mail: Kazakhstan.Pharmacovigilance@sanofi.com, quality.info@sanofi.com

Қолданар алдында нұсқаулықпен танысыңыз
ҚР-ДЗ-5№N011670 08.11.2017 ж.

САТЫП АЛУ