Фестал

Фестал® Н

Iшекте еритін және қантты  қабықпен  қапталған таблеткалар №20

Белсенді зат - панкреатин – 212.5 мг

Қолданылуы

- ұйқы безінің сыртқы секрециялық функциясы жеткіліксіздігінде (созылмалы панкреатитте, муковисцидозда және т.б.);
- асқазанның, ішектің, бауырдың, өт қалтасының созылмалы қабыну-дистрофиялық ауруларында; осы ағзалар резекциясы немесе сәулелендіргеннен кейін, ас қорытылуының бұзылуымен, метеоризммен, диареямен қатар жүретін жағдайларда (біріктірілген ем құрамында);
- асқазан-ішек жолының функциясы қалыпты пациенттерде диетада олқылықтар болған жағдайда, сондай-ақ, шайнау функциясы бұзылғанда, мәжбүрлі ұзақ иммобилизацияда, аз қимылды тұрмыс жағдайында ас қорытуды жақсарту үшін;- құрсақ қуысы ағзаларын рентгенологиялық және ультрадыбыстық зерттеуге дайындағанда.

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектер:  1-2 таблеткадан тәулігіне 3 рет. Өте жоғары дозаларды дәрігер тағайындайды.  
6 жастан асқан балалар:  дәрігердің тағайындауымен. Орташа тәуліктік доза 1 таблеткадан тәулігіне 3 рет.

Жағымсыз әсерлері

аллергиялық реакциялар, жүректің айнуы, іштің ауыруы, диарея, іштің қатуы, метеоризм, фиброзданған колонопатия, есекжем, ангионевроздық ісінуді қоса,  анафилаксиялық реакциялар, панкреатиннің жоғары дозаларын қабылдағандағы гиперурикозурия мен т.б.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың кез келген компоненттеріне жоғары сезімталдық;
- жедел  панкреатит;
- созылмалы панкреатиттің асқынуы;
- 6 жасқа дейінгі балаларға.

Дәріханадан босатылу шарттары: Рецептісіз


Өндіруші

Санофи Индия Лимитед, Үндістан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)
«Санофи-авентис Казахстан» ЖШС
Қазақстан Республикасы, 050013, Алматы, Н. Назарбаев д-лы, 187 «Б»
телефон: +7(727) 244-50-96
факс: +7 (727) 258-25-96
e-mail: Kazakhstan.Pharmacovigilance@sanofi.com, quality.info@sanofi.com

 
Қолданар алдында нұсқаулықпен танысыңыз
ҚР-ДЗ-5№N013472 08.02.2018 ж.
 

САТЫП АЛУ