Лазолван Макс

ЛАЗОЛВАН® МАКС

ХПА Амброксол 

Әсер етуі ұзаққа созылатын капсулалар 75 мг

Қолданылуы

Секрецияның бұзылуымен және қақырық түсуінің қиындауымен сипатталатын жедел және созылмалы бронх-өкпе ауруларын секретолитикалық емдеуде.

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектер және 12 жастан асқан балалар:1 капсула тәулігіне 1 рет.

Капсуланы жеткілікті сұйықтық (мысалы, су, шай немесе жеміс шырыны) мөлшерімен ішіп, тұтастай жұту керек, тамақтануға байланысты емес.

Жағымсыз әсерлері

жүрек айнуы, ауыз қуысындағы мен жұтқыншақтағы сезімталдықтың төмендеуі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

амброксол гидрохлоридіне немесе препараттың басқа компоненттеріне аса жоғары сезімталдық
12 жасқа дейінгі балалар

Дәріханадан босатылу шарттары: Рецептісіз

Өндіруші

Берингер Ингельхайм Фарма ГмбХ және Ко.КГ, Ингельхайм, Германия
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)
«Санофи-авентис Казахстан» ЖШС
Қазақстан Республикасы, 050013, Алматы, Н. Назарбаев д-лы, 187 «Б»
телефон: +7(727) 244-50-96
 
Қолданар алдында нұсқаулықпен танысыңыз
ҚР-ДЗ-5№011012 02.09.2014ж. бастап - 02.09.2019ж. дейін.
 
 

САТЫП АЛУ