Лазолван раствор

 

ЛАЗОЛВАН® 

ХПА Амброксол 

Ингаляцияға және ішуге арналған 15мг/2 мл 100 мл ерітінді

Қолданылуы

Секрецияның бұзылуымен және қақырық түсуінің қиындауымен сипатталатын жедел және созылмалы бронх-өкпе ауруларын секретолитикалық емдеуде.

Қолдану тәсілі және дозалары

Ішуге

Ересектер мен 12 жастан асқан балалар: алғашқы 2-3 күні 4 мл ерітіндіден тәулігіне 3 рет, одан әрі 2 мл-ден тәулігіне 3 рет;
6 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға: 2 мл ерітіндіден тәулігіне 2-3 рет;
2-ден 5 жасқа дейінгі балаларға: 1 мл ерітіндіден тәулігіне 3 рет;
2 жасқа дейінгі балаларға: 1 мл ерітіндіден тәулігіне 2 рет.
Ингаляция түрінде
Ересектер мен 6 жастан асқан балаларға: күн сайын 2-3 мл ерітіндіден 1-2 ингаляция
6 жасқа дейінгі балаларға: күн сайын 1-2 мл ерітіндіден 1-2 ингаляция

Жағымсыз әсерлері

жүрек айнуы, ауыз қуысындағы мен жұтқыншақтағы сезімталдықтың төмендеуі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың белсенді затына немесе қосымша компоненттерінің кез келгеніне жоғары сезімталдық
- ауыр дәрежедегі бауыр және бүйрек жеткіліксіздігі
- препарат компоненттерімен үйлеспейтін сирек тұқым қуалайтын аурулар

Дәріханадан босатылу шарттары: Рецептісіз

Өндіруші

Институт де Ангели С.Р.Л., Лок. Прулли, 103/C, 50066 Реггелло (Фл), Италия

 

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)
«Санофи-авентис Казахстан» ЖШС
Қазақстан Республикасы, 050013, Алматы, Н. Назарбаев д-лы, 187 «Б»
телефон: +7(727) 244-50-96
 
Қолданар алдында нұсқаулықпен танысыңыз
ҚР-ДЗ-5№016719, 19.11.2015ж. бастап - 19.11.2020ж. дейін.

 

 

САТЫП АЛУ