Лазолван Шәрбат

 

ЛАЗОЛВАН® 

ХПА Амброксол 

Шәрбат 30мг/5млб 100мл

Қолданылуы

Секрецияның бұзылуымен және қақырық түсуінің қиындауымен сипатталатын жедел және созылмалы бронх-өкпе ауруларын секретолитикалық емдеуде.

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектер және 12 жастан асқан балалар:  алғашқы 2-3 күн 5 мл шәрбаттан (1 өлшегіш стақан) тәулігіне 3 рет, әрі қарай 5 мл шәрбаттан тәулігіне 2 рет;

6-дан 12 жасқа дейінгі балалар:2,5 мл (½ өлшегіш стакан) тәулігіне 2-3 рет;
2-ден 5 жасқа дейінгі балалар:1,25 мл (¼ өлшегіш стакан) тәулігіне 3 рет;
1-ден 2 жасқа дейінгі балалар: 1,25 мл (¼ өлшегіш стакан) тәулігіне 2 рет.

Жағымсыз әсерлері

жүрек айнуы, ауыз қуысындағы мен жұтқыншақтағы сезімталдықтың төмендеуі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

амброксол гидрохлоридіне немесе препараттың басқа компоненттеріне аса жоғары сезімталдық

сирек тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы

Дәріханадан босатылу шарттары: Рецептісіз

Өндіруші

Берингер Ингельхайм Эспана С.А., Сан-Кугат-дель-Вальес, Испания

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)
«Санофи-авентис Казахстан» ЖШС
Қазақстан Республикасы, 050013, Алматы, Н. Назарбаев д-лы, 187 «Б»
телефон: +7(727) 244-50-96

Қолданар алдында нұсқаулықпен танысыңыз
ҚР-ДЗ-5№014083, 15.07.2014ж. бастап - 15.07.2019ж. дейін.
 
 

САТЫП АЛУ