Лазолван таблеткалар

 

ЛАЗОЛВАН® 

МНН Амброксол 

30 мг таблеткалар

Қолданылуы

Секрецияның бұзылуымен және қақырық түсуінің қиындауымен сипатталатын жедел және созылмалы бронх-өкпе ауруларын секретолитикалық емдеуде.

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектер және 12 жастан асқан балалар: алғашқы 2-3 күнде 1 таблеткадан тәулігіне 3 рет, одан кейін 1 таблеткадан (күніне 60 мг амброксол гидрохлоридіне барабар) тәулігіне 2 рет.

Қажет болғанда емдік әсерін күшейту үшін 2 таблеткадан тәулігіне 2 рет тағайындауға болады.

Жағымсыз әсерлері

жүрек айнуы, ауыз қуысындағы мен жұтқыншақтағы сезімталдықтың төмендеуі.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- амброксол гидрохлоридіне немесе препараттың басқа компоненттеріне аса жоғары сезімталдық; 
- сирек тұқым қуалайтын галактозаны көтере алмаушылық, Лапп лактаза тапшылығы, глюкоза, галактоза мальабсорбциясы синдромы;
- 12 жасқа дейінгі балалар.

Дәріханадан босатылу шарттары: Рецептісіз


Өндіруші

Берингер Ингельхайм Эллас А.Е., Коропи, Греция

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта):
«Санофи-авентис Казахстан» ЖШС
Қазақстан Республикасы, 050013, Алматы, Н. Назарбаев д-лы, 187 «Б»
телефон: +7(727) 244-50-96
факс: +7 (727) 258-25-96
e-mail: Kazakhstan.Pharmacovigilance@sanofi.com, quality.info@sanofi.com
 
Қолданар алдында нұсқаулықпен танысыңыз

ҚР-ДЗ-5№N011044 10.10.2017 ж.

 
 

САТЫП АЛУ