Магне B6

 

МАГНЕ В6® 

Қабықпен қапталған таблеткалар

белсенді заттар: магний лактат дигидраты - 470 мг (48 мг магнийге баламалы), пиридоксин гидрохлориді - 5 мг

Қолданылуы

Магнийдің анықталған, оқшауланған немесе астасқан тапшылығында.

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектер мен 6 жастан асқан балаларға (дене салмағы >20 кг): 4-6 таблеткадан, оларды күніне 2-3 қабылдауға бөледі.

6 жастан асқан балаларға (дене салмағы >20 кг) магнийді тәулігіне  5 - 10 мг/кг, яғни оларды 2-3 қабылдауға бөліп, күніне 2 - 4 таблеткадан тағайындау керек.

Балалар: үлбірлі қабықпен қапталған таблеткаларды 6 жастан кіші балаларға тағайындамаған жөн (6 жасқа дейінгі балалар препараттың басқа түрлерін қолдана алады).  

Жағымсыз әсерлері

диарея, абдоминальді ауыруы

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттерінің біріне жоғары сезімталдық
- бүйректің ауыр жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі 30 мл/мин/1.73 м2 аз)
- препарат құрамында пиридоксин болуымен байланысты леводопамен бір мезгілде қабылдау ұсынылмайды
- су-тұз теңгерімінің ауыр бұзылуы 

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүкті немесе бала емізетін әйелдерде қолдану қауіпсіздігіне қатысты қолжетімді деректердің болмауына байланысты ұсынылатын ең жоғары емдік дозадан (яғни компоненттердің әрқайсысының, атап айтқанда магнийдің: күніне 250 мг; B6 дәруменінің  ұсынылатын тәуліктік нормасы: күніне 25 мг) асыруға болмайды 
Дәріханадан босатылу шарттары: Рецептісіз

Өндіруші

ХИНОИН, Фармацевтикалық және Химиялық өнімдер зауыты ЖАҚ, Венгрия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)
«Санофи-авентис Казахстан» ЖШС
Қазақстан Республикасы, 050013, Алматы, Н. Назарбаев д-лы, 187 «Б»
телефон: +7(727) 244-50-96

Қолданар алдында нұсқаулықпен танысыңыз
ТІРКЕУ КУӘЛІГІ  ҚР-ДЗ-5№022401 27.09.2016 ж. 27.09.2021 ж.  дейін

САТЫП АЛУ