Магне B6 Премиум

 

 

МАГНЕ В6® ПРЕМИУМ

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар 100 мг/10 мг
белсенді заттар: 618.43 мг сусыз магний цитраты (100 мг магнийге баламалы), пиридоксин гидрохлориді 10 мг
Title H4: 

Қолданылуы

Жекеленген немесе астасқан магнийдің анықталған тапшылығы

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектер және 14 жастан асқан жасөспірімдер (дене салмағы 50 кг асатын ): тәулігіне 2-3 қабылдауға бөлінген 3-4 таблетка, тамақтану кезінде. 
Балалар
6 жастан асқан балалар (дене салмағы > 20 кг ): тәулігіне 5-10 мг/кг, бұл тәулігіне 1-2 таблетканы құрайды.  
Таблетка түріндегі препаратты 6 жастан кіші балаларға тағайындамаған жөн.

Жағымсыз әсерлері

диарея, абдоминальді ауыруы, тері реакциялары, аллергиялық реакциялар

Қолдануға болмайтын жағдайлар

 - препарат компоненттерінің кез келгеніне жоғары сезімталдық
- бүйректің ауыр жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі 30 мл/мин/ 1,73 м2 аз)
- леводопамен бір мезгілде қабылдау
- су-тұз теңгерімінің ауыр бұзылуы
Жүктілік және лактация кезеңі
Жүктілік және лактация кезінде магний үшін дозаны тәулігіне 250 мг 
аспауы тиіс және В6 дәрумені үшін тәулігіне 25 мг. Ұсынылатын тәуліктік доза - 2 таблеткадан аспайды.

Дәріханадан босатылу шарттары: Рецептісіз

Өндіруші

ХИНОИН, Фармацевтикалық және Химиялық өнімдер зауыты ЖАҚ, Венгрия
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)
«Санофи-авентис Казахстан» ЖШС
Қазақстан Республикасы, 050013, Алматы, Н. Назарбаев д-лы, 187 «Б»
телефон: +7(727) 244-50-96
Қолданар алдында нұсқаулықпен танысыңыз
ТІРКЕУ КУӘЛІГІ ҚР-ДЗ-5№022213 20.06.2016 ж. 20.06.2021 ж.  дейін
 

САТЫП АЛУ